Жорыққа шығу, серуендеу мақсаты – балалар денсаулығын сауықтыру, төзімділікті қалыптастыру. Жаяу серуендеу барысында жергілікті жерде бағытталуға, карта – маршрут кестесін түсінуге дағдыланады. Жорық ғажайып сәттерге – күтпеген тапсырма немесе танымдылық және балаларға танымал кейіпкермен қызықты кездесуге толы болды. Нағыз жорық қызметі мектепалды топтарында болды. Алайда жорыққа дайындық жүргізу және оны өткізу барысында, балалармен әңгімелесу үрдісінде педагог «жорық» терминін қолданды.
Балабақшадағы жорық – бұл ішінде өзге де ойындары бар өте зор байыпты ойын.
Жазғы маусымда жорықтар ұйымдастыру барысында табиғат объектілерімен және құбылыстарымен таныстыру, бұл табиғаттағы өзара байланыстар туралы түсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді, бақылаушылықты және оған деген қызығушылықты дамытады, эстетикалық сезім, барлық тіршілік атаулыға деген махаббат және ұқыптылық дамиды.
Жорықтардан балалар алатын эстетикалық әсер салдарынан туған елдің табиғатына деген сезімін өзгертеді, оның әсемділігіне жай сүйсіну әрекетті күшке айналады. Қоршаған әлемге деген осындай көз-қарасты қалыптастыру үшін сезімдер, білім, әрекеттер пайда болады.
Балаларға табиғатпен «жанды» тілдесу, бақылау және табиғаттағы практикалық әрекеттер көрсетілді.
Дене шынықтыру – сауықтыру жұмысы жүйесінде балалар көкке шығуда белсенді демалудың тиімді екенін, денсаулық қорын арттыратынын, күшін көбейтіп, еңбекке қабілеттелігін қалпына келтіретінін, ағзасының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтетінін, білім көлемін толықтыратынын сезінді.
Білім беру үрдісі белсенді, қызықты және тиімді болу үшін танымдылық сипаттағы сұхбаттар жүргізіледі:
— «Жорық түрлері», «Туристі жабдықтау», «Костер түрлері», «Өрт қауіпсіздігі ережесі», «Орманда өзін – өзі ұстау ережесі», «Орман жануарлары мен жәндіктері және оларды қорғау», «Жеуге келетін және жеуге келмейтін саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жидектер», «Жасыл дәріхана», олар ойын нысанындағы практикалық тапсырмалармен кезектестіріледі:
— «Рюкзакқа заттар салу», «Компас бойынша бағытталу», «Карта бойынша бағытталу және карта оқу», «Жергілікті заттар бойынша орманды бағдарлау», «Отты қалай дұрыс және қауіпсіз жағу керек», «Алғашқы көмек көрсету».
Дене шынықтыру нұсқаушысы туристік бағыттағы кіріктірілген оқу қимылдарын жоспарлайды: «Қазына іздеу», «Кедергілер», «Ойындар – эстафеталар», «Туристік старттар», сондай-ақ балалар мен ата-аналар үшін бірлескен сюжеттік спорт мерекелері өткізілді.
Жорыққа дайындалу барысында, балаларға тосын сый, ойындар ұйымдастырылды. Жорықта балаларды үлкендердің басшылығымен от жағуға, кеңестікте өзін бағыттауға, жол жүру картасын жасауға үйретті. Балалар өзін табиғатта ұстау ережесін білу керек, кейбір дәрілік өсімдіктердің тағайындауын білулері керек. Мұндай жорықтардан балалар өте жоғары көңіл – күймен бақытты болып оралды, себебі табиғатпен тікелей тілдесу ғана балаға қандай да болмасын сырқаттан айығуға күш береді. Балабақшадағы жорықты ұйымдастырудың нәтижесінде физиологиялық қасиеттері мен ептілік, үйлесімділік қабілеттері дамытылып, шыдамдылықтары шыңдалды. Сонымен қатар спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру арқылы балалар ойын техникасын меңгеріп, жаңа машықтарды игерді, неғұрлым ұйымшыл және ынтымақшыл, құрдастарымен достық қарым-қатынаста болуды үйренді.