Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 118-тармағын орындауда озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу негізінде «Алтын дән» балабақшасы базасында мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталығы құрылды.
Құзыреттілік орталығығының мақсаты:
Білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кешенді көшуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету (Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі. 38-тармақ)
Мектепке дейінгі ұйымдарда көшбасшылықты дамыту
Педагогтардың шығармашылық бастамаларына әдістемелік қолдау көрсету
Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру
Тәрбие мен оқытуда сапалы қызмет көрсетуді нығайту
Заттық-кеңістік дамытушы орта құруда әдістемелік қамтамасыз ету,
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтердің озық тәжірибелерін тарату, қолдау көрсету.
Құзыреттілік орталығының өсу нүктесі:
Орталық «Алтын дән» балабақшасы МКҚК
- «Балдаурен сан» ЖШС «Балдаурен» балабақшасы
- «Tulpar education» ЖШС «Еркемай» балабақшасы
- «Мақсат-2016» ЖШС «Алема» балабақшасы
- «Балдырған- 2013» ЖШС «Балдырған» балабақшасы.