«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту»

0 қазан 2024 жылы « Алема» балабақшасында  «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөз мәнерлігін ойын іс-қимылдары арқылы дамыту» тақырыбында  озық тәжірибені тарату шарасы өтті. Ойын –тек әрекет емес, балалардың да үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамда рахат пен қанағат сезімі.Атап айтқанда, «Ақбота» мектеп алды тобында  тәрбиеші  Шидербай Айгул Тастемирқызы «Емхана» сюжеттік ойыны арқылы балалардың тілдік қорлары мен сөйлеу мәнерін қалыптастыру әдіс-тәсілдерін қолдану тәжірибесін көрсетті. Балаларға ойынды нақты ойын атрибутын, ойын ортасын сезіндіру мақсатында балабақшаның медициналық бөлмесінде өткізілді. Рольдік ойын шарттары бойынша дәрігер, медбике,пациент,тіркеу бөлімінің қызметкері, зертханашы  роліндегі балалар тақырып бойынша диалог құрып, сұрақтарға жауап берді. “Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Ойын ойнағанда балалар жанындағы нәселерді пайдаланады”, – дейді Мағжан Жұмабаев.Дәрігер-пациент, медбике-пациент тілдік қарым-қатынасында қолданылатын сөздердің мағынасы түсіндірілді. Сонымен қатар балалардың сөздік қоры медициналық терминдермен толықты.

Белгілі ғалым психолог Д.Б.Элконин: «Ойын – баланы ешкім, ешқашан үйрете алмайтын нәрсеге үйретеді. Бұл нақты өмірге, кеңістікке, құбылыстарға, адамның іс-әрекетіне бағдар беретін зерттеу тәсілі. Ойын үрдісі кезінде балалар зерттеу, сараптама жасау, оқу арқылы өмірге, әлемді танып-білуге бағалауға үйренеді»- демекші  ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.

 

 

Жаңартылған күні: 22.10.2024 18:19
Құрылған күні: 22.10.2024 18:15

Текст