«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЖШС «Амина-2011» балабақшасы «Жазғы сауықтыру шынықтыру іс-шараларын атқаруға арналған ойын алаңын ұйымдастыру және безендіру техникасы»

Ұйымдастырушы: Қосшы қаласы білім бөлімі. Құзыреттілік орталығы

Өткізілген орны: ЖШС "Амина-2011" балабақшасы

Өткізілген күні: 11 маусым 2026 жыл

Өткізілген орны: ЖШС «Амина-2011» балабақшасы

Қатысушылар: 10 балабақша тәрбиешілері

 

1. Семинардың мақсаты

Жазғы кезеңде тәрбиеленушілердің денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, қызықты ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және жазғы сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастыру.

2. Семинардың негізгі міндеттері

-Жазғы ойын алаңын эстетикалық талаптарға сай ұйымдастыру және безендіру;

- Балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету;

- Қозғалыс ойындары арқылы тәрбиеленушілердің дене шынықтыру дағдыларын жетілдіру;

- Педагогтердің шығармашылық тәжірибелерімен алмасуына мүмкіндік жасау;

- Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге жағдай жасау.

3. Семинар барысы

Семинар барысында балабақша ауласында жазғы ойын алаңдары ерекше безендіріліп, түрлі ойын аймақтары ұйымдастырылды. Педагогтер өз қолдарымен дайындаған көрнекіліктерді, түрлі-түсті безендіру элементтерін және дамытушы ойын құралдарын таныстырды.

Балалар арасында қимылды ойындар, спорттық эстафеталар, шығармашылық тапсырмалар мен көңілді сайыстар өткізілді. Сонымен қатар, таза ауада денсаулықты нығайтуға бағытталған жаттығулар ұйымдастырылып, балалардың белсенді қатысуына жағдай жасалды.

4. Қатысушылардың белсенділігі

Тәрбиешілер ойын алаңдарын безендіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық идеяларын ұсынды. Тәрбиеленушілер ұйымдастырылған ойындарға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

5. Қорытынды

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті. Жазғы сауықтыру жұмыстарының тиімді әдістері көрсетіліп, балалардың денсаулығын нығайтуға және қызықты демалысын ұйымдастыруға бағытталған жұмыстар нәтижелі өтті.

6. Ұсыныстар

-Жазғы кезеңде осындай ойын-сауық және сауықтыру іс-шараларын тұрақты өткізу;

- Ойын алаңдарын жаңа дамытушы құралдармен толықтыру;

- Балалардың шығармашылық және спорттық белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды көбейту;

-Ата-аналарды жазғы сауықтыру шараларына белсенді тарту


Текст