«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы МКҚК 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 

Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдаяттарға байланысты ешқандай кемсітусіз көрсетілетін қызметті алушылардың тең қолжетімділігі;
  2. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі бюрократия мен қағазбастылық көріністеріне жол бермеу;
  3. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі есептілік пен ашықтық;
  4. мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін үздіксіз жетілдіру;
  6. мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
  7. Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы  МКҚК - 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

 

  1. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды (6 жасқа дейінгі) балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін кезекке қою»

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз/проактивті/ «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.

2024 жылы - 132 қызмет көрсетілсе, оның 132-і akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы,  электронды үкімет порталы арқылы - 0.

 

  1. «Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі   

ұйымдарға тіркеу»

 

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған/қағаз түрінде)

2024 жылы  - 132 қызмет көрсетілді, 132 - akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы, оның ішінде мемлекеттік орган арқылы – 0.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы  МКҚК қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Байланыс ақпараты:

Қосшы қаласы, Лесная поляна ш.а. 11/1,

Ақмола облысының білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы  МКҚК,

байланыс  телефоны: 8 (7172) 60-78-41, электронды  адресі altyndanb@mail.ru

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

                       Басшы:                      Даримова Ф.А.

Жаңартылған күні: 24.02.2025 17:06
Құрылған күні: 24.02.2025 17:06

Текст