«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еркемай» балабақшасы ЖШС «Тәрбиеленушілерді қоғамдық ортаға бейімдеу» тақырыбында өткен семинар

Өткізілген күні: 12 желтоқсан 2025 жыл

 

Ұйымдастырушы: Қосшы қаласы білім бөлімі. Құзыреттілік орталығы

Өткізілген орны: ЖШС "Tulpar education" "Еркемай" балабақшасы

Қатысушылар: 15 балабақша тәрбиешілері

1. Семинардың мақсаты

Тәрбиеленушілерді қоғамдық ортада өздерін еркін, мәдениетті ұстай білуге, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, әлеуметтік дағдыларды меңгеруге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету.

2. Семинардың негізгі міндеттері

Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін түсіндіру әдістерімен таныстыру;

Тәрбиеленушілердің мәдени-әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру жолдарын көрсету;

Педагогтер мен ата-аналардың бірлескен жұмыс формаларын талқылау;

Қауіпсіздік дағдыларын дамытудағы тиімді тәсілдерді ұсыну.

3. Семинар барысы

Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

Балалардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелері (кинотеатр, қоғамдық көлік, тамақтану орындары, саябақтар, мәдени орталықтар);

Жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру және үйрету әдістемелері;

Тәрбиеленушілерді ортаға бейімдеудің заманауи педагогикалық тәсілдері;

Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, үй жағдайында қоғамдық тәртіп дағдыларын бекіту жолдары;

Практикалық бөлім: педагогтердің тәжірибе алмасуы, жағдаяттық тапсырмалар, ұсыныстар талқылау.

4. Қатысушылардың белсенділігі

Қатысушылар семинар тақырыбы бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, сұрақтар қойып, нақты жағдайлар бойынша пікір алмасты. Әдістемелік ұсыныстармен, тиімді практикалармен бөлісу жүзеге асырылды.

5. Қорытынды

Семинар жоспар бойынша толық өткізілді. Қатысушылар тәрбиеленушілерді қоғамдық ортаға бейімдеуде қолдануға болатын жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді.

Семинар соңында педагогтерге әдістемелік материалдар ұсынылды.

6. Ұсыныстар

Тақырып бойынша ата-аналарға арналған ақпараттық кеңес өткізу;

Балалармен қоғамдық орындарға серуен, театр/музейге бару сияқты практикалық іс-шаралар ұйымдастыру;

Педагогтерге арналған қосымша тренингтер өткізу.


Текст