«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Дұрыс тәрбие - балаға өмірлік азық"

       Мектеп жасына дейінгі балаларға үлгілі тәрбие берудің маңызы ерекше. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен жүріс тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Қазіргі таңда  бізге тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі тек тәрбиешінің емес, баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаныңда, мектептің де, мақсат мүддесі біреу,ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу. Балабақша есігін алғаш ашқан бүлдіршіндеріміз балабақшада бірінші өз-өзіне қызмет етуді үйренді. Орындықта қалай отырып, қалай тұруды, үлкендермен амандасуды үйренді. Тәрбиеші көмегімен жуынып, киініп, сүртінеді, бір-біріне көмектеседі. «Рахмет, кешір, өтінемін сөздерін айтуды үйренді.Топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстауды үйренді.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т.б. заттарды дайындауға көмектеседі. Ойын алаңын таза ұстауды үйрену. Осы ұсақ заттардың озі тәрбиенің бір бөлігі. Міне, осылайша біз бүлдіршіндерімізді тазалыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбекке шақырып баулимыз. Әрине әрбір жасалынған істен кейін «жарайсыңдар балалар!» , «Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» – деп айтып отырамын. Себебі осы сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Қорыта айтқанда адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек. «Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы» деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби ойын әрбір ұстаз, әрбір тәрбиеші, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса келешек ұрпағымыз білімді, тәрбиели болуына септігін тигізеді.

Ата-аналарға кеңес

  • Балаларды тазалыққа үйретіңіз
  • Балалардан ойыншығын  қызғанбауды айтып түсіндіріңіз
  • Балалармен дос болуды
  • Әрбір дұрыс жасалынбаған іске кешірім сұрауды
  • Табиғатқа қамқор болуды айтып отырыңыз
Жаңартылған күні: 02.02.2021 16:13
Құрылған күні: 02.02.2021 16:13

Текст