«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопед кеңесі

Логопедтің кеңесі

 

  • Баламен асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
  • Әр іс- әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
  • Балаға айтқан сөзің қысқа,нақты әрі түсінікті болуы керек.
  • Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрыс қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
  • Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді.
  • Неше түрлі дыстар мен шуларды балаға тыңдатыңыз. «Бұл не?» немесе «Ненің дыбысы?» деген сқрақ қойыңыз, мүмкін бұл көліктердің дыбысы, иттердің үргені, желдің шуы болар.
  • Балаға қысқа әңгімелер мен ертегілер айтыңыз және тыңдағанын сұрақ,сурет арқылы сізге немесе басқа адамдарға айтып беруін талап етіңіз.
  • Баланың сөздік қорына күніне бір сөз айтсаңыз да (ойыншық,азық- түлік,дене мүшелері) жеткілікті.
  • Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек.
  • Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған.
  • Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет.
  • Егер де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
  • Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.
  • Егер бала бір сөзді айтып үйренсе,сіз әрі қарай сөз тіркесін айтуға үйретіңіз мысалы: бала «доп» - деді ,ал сіз «қызыл доп немесе үлкен доп» -деп қосасыз.
  • Баламен «бала тілінде» емес «Үлкендердің» тілімен «Дұрыс» сөйлесіңіз.

 

 

Жаңартылған күні: 14.01.2025 12:19
Құрылған күні: 14.01.2025 12:19

Текст