«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылы 10 сәуір күні «Алтын бесік» балабақшасында өткен «Мамандықтар әлеміне алғашқы қадам» жобасы аясындағы іс-тәжірибе

Өткізілген орны: Қосшы қаласы «Алтын бесік» балабақшасы

Өткізген топ: «Ақбота» мектепалды тобы

Іс-тәжірибенің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортасындағы түрлі мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру, түрлі мамандардың атқаратын қызметтері, адамдарға қалай көмектесетіні туралы түсінік қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапты көзқарас пен еңбек дағдыларын дамыту. Әр  адам өз кәсібіне адалдықпен және кәсіби шеберлікпен қарап, өмірлік қағидасы екенін түсіну керектігі; Мықты маман болуы үшін, балалар жастайынан білімге құштар болуы және өз бойларына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін сіңіріп өсуі керектігін ұғындыру; Білім мен тәрбиені ұштастыра әртүрлі тәжірибелік және логикалық, зерттеу жұмыстарын жасау. Ұқыптылыққа үйрету және зерттеушілік қабілеттерін дамыту.

Іс-тәжірибенің өту барысы:

      

     Балалар тәрбиешімен бірге жылулық шеңберіне тұрып сәйкес қимылдар орындайды

 

Мен ақылды баламын,

Айтқан тілді аламын.

Білім алып, өскенде,

Кәсіби маман боламын.

      

   Бүгінгі  іс-тәжірибеміз әдеттегіден ерекше, зерттеу бағытында өтілетін болады. Ең алдымен «Телефон» әдісі арқылы топқа бөлініп алайық. «Телефон» әдісінде балалар экрандағы амалдарды орындап, шыққан мәні бойынша сәйкес үстелге жайғасатын болады. Мысалы: 2+3 тең болады 5, демек, Адлен 5 саны көрсетілген үстелге жайғасатын болады. Ары қарай тездетіп барлық баланың өз орындарын кезекпен анықтап алайық. Экранда амалдар орнына бір «Білім» титулы және «Жеңімпаз» төсбелгісі шығып қалуы мүмкін. Мұнда, біздің арамызда жолы болғыш екі бала кімдер болады екен, бәрімізге сол қызық болып тұрғаны.     

         

 

Зерттеу іс - тәжірибесі «Әлемде түрлі маман бар» сұрағымен жалғасады

-Айтыңдаршы балалар, сендер кімсіңдер?

-Балалармыз, ұлмыз, қызбыз....

-Иә, сендер кішкентай баласыңдар, ал өскенде сендер кім боласыңдар?

-Ана, әке, дәрігер, полиция, ұстаз, дүкенші т.с.с.

-Иә, сендер өскенде бір маман иесі боласыңдар. Бірақ мықты, өз кәсібіне адал маман болу үшін не істеу керексіңдер?

-Білім алуымыз, ата-анамызды және ұстазды тыңдау керекпіз.

-Жарайсыңдар! Әлемде түрлі мамандықтар бар. Сендер қазір армандаған мамандықты өсе келе басқа мамандыққа ауыстыруларың әбден мүмкін. Әр адам өзінің жанына жақын маман иесі болғаны абзал. Сонда адамның кәсібилігі және өз мамандығына адалдығы орын алады.

-Біздің балабақшамызда қандай мамандар жұмыс жасайды.

-Тәрбиеші, меңгеруші, дәрігер, аспаз, тәрбиешінің көмекшісі, хореограф.

-Иә, сол сияқты әрбір маман өз кәсібін сүйіп, жүрек қалауымен таңдап, атқарса, қоғамда, қоршаған ортада барлығы тыныш, бейбіт өмір сүретін болады.

   Мамандығымыз біздің өмір сүруіміздің басты қағидасы. Мамандыққа байланысты сендерде түсінік бар не өз ата-аналарың қандай маман иесі?

Күнделікті өмірде қандай мамандармен жолығып, қарым-қатынаста боламыз, соған орай сендер бала күннен «Сюжеттік-рөлдік ойындарда» соны көрсететін боласыңдар. Қолайлы ортаны балабақшада барынша жасауға тырысып жытырмыз. Мысалы: Шаштараз бұрышы, асхана бұрышы, аурухана және ұлдарға – автотұрақ бар.

            

Міне, топқа да бөлініп алдық, ары қарай сендер әрбірің кішкентай білімпаз зерттеуші боласыңдар. Топтың атынан кезекпен бір бала «Спикер» болып, тапсырмаға жауап беретін болады.

      

 

           

                 

           

Балалар жол картасы бойынша өздеріне берілген топтық тапсырманы орындап, топтардың атынан «Спикер» болып, Тимур Бауыржан, Дурметхан Айкерім, Нурланова Дильназ және Абилова Дамелия түсіндірме жасау барысы.

      

Келесі кезеңде балалар «Құпия қоржындағы»  табиғи материалмен зерттеу жұмысын жасауда. Ол үшін әр топтан бір бала қоржынға қолын салып, құпия заттың не екенін айтуы керек.  (Құпия заттар: ұн, күріш, тұз және қар)

 

Тәжірибелік зерттеулер:

І. Сендерге берілген заттардың ұқсастығы қандай? Айырмашылығы қандай?

Күріш- ұсақ, түсі ақ, қатты.

Тұз- күріштен ұсақтау, түсі ақ, қатты. 

Ұн- тұздан да ұсақ ұнтақ, түсі ақ, ұстағанда қолға жұмсақ. Тамақ әзірлегенде қолданады.

Қар-ұсақ деп айтуға да болады, түсі ақ, ұстағанда жұмсақ, мұздай  табиғи зат. Қыс мезгілінде қар жауады.

Енді осы заттарды қасықпен суға қосып көрелік. Нәтижесінде не болды?

- Қар мен тұз суда еріп кетті. Ал, күріш ерімеді. Ұн судың түсін өзгертті.

      

ІІ. Материалдың түсі ақ, өндірісте, тұрмыста түрлі-түсті бояуларды қолданып, бояуға болады ма екен. Өздерің де алдарыңда тұрған затты  бояп көрсеңдер болады. Нәтижесі қандай?

-Күріштің (ұн, тұз, қар) түсі қызыл түске боялды.

-Сарыға да боялды.

-Жасыл түске де оңай айналды.

   Табиғи материалдардың құрамы, тығыздығы, сапасы әртүрлі болғандықтан, боялу уақытында да біршама уақыт ерекшеліктері болды.

Бүгінгі іс-тәжірибелік әрекеттерге барлық балалар белсене ат салысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Әлемде түрлі мамандықтар бар екенін білетін болды. Сауат ашу негіздері мен метематика негіздерінен білімдерін толықтырып, түрлі логикалық тапсырмалар орындады. Табиғи материалдармен түрлі зерттеулер жасап, біраз ақпараттар алды.

        

   Қорытынды:

 «Мамандықтар әлеміне алғашқы қадам» жобасы аясындағы іс-тәжірибе құзыреттілік орталықтың жылдық жоспары бойынша өткізілді. Іс-тәжірибеге «Алтын бесік» балабақшасының тәрбиешілері қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Балаларға күн тәртібі бойынша қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және сюжеттік рөлдік ойындарға мүмкіндік беру мақсатында, «Түрлі мамандықтар» бұрышын жасау қажеттілігі көрсетілді. Тәрбиеленушілер балабақша жасынан бастап түрлі зерттеу жұмыстарын жасап, білімдерін одан әрі арттыруға болатыны айтылды.

   Бүгінгі іс – тәжірибеден балалар өз білімдерін біршама толықтырды және балаларға қызықты болды. Адалдық пен білім адамзаттың басты қасиеттері екенін ұғынды.  Кәсіби маман болу - бала күннен білімге, ізгілікке құштар болу.  Балалар үйде ата-анасынан, балабақшада тәрбиешіден, ортада- туыс, достардан үйреніп өседі.

 


Текст