Мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетілді:
Мемлекеттік қызметтің барлық түрі тегін көрсетіледі, ақылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі жоқ.
- 2020 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 254 бұйрығы «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары.
- 2020 жылғы 14 мамырдағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 202 бұйрығы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қантардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы.
2.Мемлекеттік қызмет алушымен жұмыс
1) Балабақша ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпараттық стендтер орналастырылған.
2) Халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша іс- қимылдар
1) 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыру шаралары жасалған.
2) 2021 жылы балабақша қызметкерлері онлайн аудандық семинар-жиындарға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау.
1) Ақпарат қоса берілген.
2) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын ішкі бақылау нәтижесі: көрсетілген қызметтер саны – 139, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызмет – 8, akmola.kz ақпараттық жүйесі арқылы - 131.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен өткізілген мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылау нәтижесі – болған.
4) 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық мониторинг жасалған.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет қөрсетудің сапасына қанағаттану деңгейін арттыру және болашақта тиімділігін жоғарылату
«Алтын дән» балабақшасы МКҚК мемлекеттік қызмет алушының көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына қанағаттануының деңгейін жоғарылату мақсатында төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:
- мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзуды болдырмау.
- бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы халықты уақытылы ақпараттандыру.
- мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың осы салада біліктілігін жоғарылату.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
№ |
Атауы |
Мемлекеттік қызметтердің саны |
Көрсетілген қызметтер |
1. |
Білім беру саласында |
2 |
131 |
2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету