ЖШС «Балдырған -2013» «Балдырған» балабақшасы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы ынтымақтастығын нығайту. Балалардың мінез - құлқы, бейімі, қызығушылығы, мүмкіндігін т. б. тереңірек зерттеу. Ата - ана, бала, тәрбиеші үштігі арасында өзара сенім мен сыйластық орнауына ықпал ету. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баланың әлеуметтенуі қашан қайда басталады?
Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақшада таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды.
Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері:
— басқа адамдармен бұрын қалып көрмегендіктен
— дәретке өзі отырып үйренбегендіктен
— кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайнап үйренбеген (картоп, нан)
-балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады
— балаңызбен үйде сөйлесесіз бе, оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңызба?
Ата-аналардың балаға эмоцияналдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар:
Қобалжулары қатты ата-аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді, өйткені ата-анасының қобалжуын көріп, баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата-аналар балаға көмек беруі керек.
Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері.
Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп, тыныштануы ұзаққа созылады.
Балабақшаға барғаны үшін жаңа ойыншық сатып алып, балаңызды алдарқатпаңыз.
Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
— үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
— балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балбақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
— үйдегі жағдайда баланың өзіне –өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану,
Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт:
баламен жағымды жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата-ана жағынан болуы қажет , балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын Сіз көбірек осындай жылылық білдірсеңіз Сіздің балаңыз балбақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
Танысып, балаңызға жаңа достар табуға. Сондай-ақ балаңыздың сүйікті ойыншығын балабақшаға беріп жібергеніңіз абзал.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап –ақ үйреніп кететініне сеніңіз.
Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика –педагогикалық қызметі бақылауга алады.