ЖШС «Балдырғын-2013» балабақшасында «Сұңқар» тобының тәрбиеленушілері «Мақта қыз» ертегісін қолға киетін қуыршақтар арқылы театр қойылымын қойды. Қойылымды орта және ересек тобының балалары тамашалады.
Мақсаты: Балаларға қуыршақ театры оның түрлері туралы түсінік беру,көркем шығармаларды қуыршақтар арқылы қойылымдауға үйрету.Балалардың тілін,эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін, қиялын дамыту.Балалардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Балалардың қуыршақ театрына деген қызығушылығын ояту. Театрландырылған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын жетілдіру.Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету. Кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу.Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, родерді түсініп ойнауға үйрету.
Күтілетін нәтиже:
Балалар тілі дамиды, сөздік қоры толығады. Байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады. Театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.