«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру және ізгілендіру»

ЖШС «Балдырған-2013» балабақшасында  «Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру және ізгілендіру»  озық тәжірибе тарату мақсатында педагогикалық кеңес өтті.  

Мақсаты: Педагогикалық  тренингтер , ойындар, дидактикалық ойындар ұйымдастыру арқылы бағыт бағдар беру. Оларға ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдарын түсіндіру.  Педагогтарға ата-аналармен қарым-қатынас дағдыларын үйрету, ашық диалог пен тыңдау мәдениетін қалыптастыру.Педагогтарға бір-бірімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру, ұжымдық мәселелерді шешуге қатыстыру.Ата-анамен баланың психологиялық және эмоционалдық қажеттіліктерін түсіндіру, онымен бірге жұмыс жасауға бағыт бағдар беру.Педагогтардың өздерінің жеке даму жолдарында қолдау көрсету, стрессті басқару, эмоциялық интеллекті дамыту.Позитивті орта қалыптастыру, отбасында және жұмыста позитивті, қолдаушы орта құру, ата-аналарды балалардың жетістіктерін атап өтуге шақыру.Осындай шаралар арқылы педагогтарға бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға озық тәжірибелі пед кеңес өткізу және ата-аналармен жиналыс өткізу.

Күтілетін нәтижелері:Педагогикалық принциптер мен әдістер туралы ақпараттану, баланың қажеттіліктерін түсіну. Сенімді қарым-қатынас қалыптасады, Ата-ана мен бала арасында ашық диалог, эмоциялық байланыс нығаяды.Бала тәрбиесі бойынша үйлесімділік  Ата-ана мен тәрбиешілер арасындағы ынтымақтастық артып, бала тәрбиесінде ортақ көзқарас қалыптасады.Ата-аналардың стресс деңгейі төмендейді, балада эмоционалдық қолдау сезімі артады.Әлеуметтік дағдылардың дамуы: Балалардың коммуникативтік және әлеуметтік дағдылары жетіледі, өзара қарым-қатынас орнату қабілеті артады. Педагогтар әртүрлі тәрбиелеу әдістерін пайдалану арқылы балаларын жан-жақты дамыта алады.Бұл нәтижелер ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстарды нығайтуға және балалардың толыққанды дамуына ықпал етеді.

Жаңартылған күні: 22.10.2024 18:15
Құрылған күні: 22.10.2024 18:19

Текст