27.05.2025
"Тілге бойлау" пилоттық жобасы аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагог қызметкерлерінің Республикалық семинар-практикумы
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақ тілін игеруге деген қызығушылықтарын оятуға,ынтасын арттыруға бағытталған, тілді өз құрдастарымен, ересектермен балалардың түрлі әрекеттері арқылы күні бойы режимдік сәттерде игеруді көздейтін тілдік орта қалыптастыру. Тілге бойлау пилоттық жобасы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету және тәжірбие алмасу, озық педагогикалық тәжірбие тарату.
Семинарға Республикамыздың әр өңірінен педагогтар және мектепке дейінгі мекеме басшылары, әдіскерлері, әдістемелік орталық басшысы - Курмангалиева Л.С
Балаларды ерте дамыту институты РММ депортамент басшысы - Мукушева Г.О
Ақмола облысы әдістемелік орталығының білім бөлімі басшысының м.а. - Шаймерденова А.Е. қатысты. Семинар барысында мектепке дейінгі мекеме педагогтері қажетті ақпарат, іс - тәжірбиемен бөлісе отырып, педқоржындарын толықтыра түсті. Семинар соңында қатысушылар пікір алмасып, жылы лебіздерін білдірді.