«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні

02.04.2021

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Осыдан тура 9 жыл бұрын өңірімізде аутизм дертіне шалдыққан 31 бала болыпты. Ал бүгінде олардың саны 13 есе көп. Яғни, қазір аймақта дамуында ауытқушылығы бар 400-ден аса ұл мен қыз өмір сүріп жатыр. Қазір бұл жандарға білім беру ісі қолға алынуда.

2007 жылдың 18 желтоқсанында БҰҰ Бас ассамблеясы резолюциясымен бекітіліп, 2008 жылдың    2 сәуірінен бастап, «2 сәуір- Бүкіләлемдік аутизм проблемасы туралы ақпарат тарату күні!» деп аталып өтеді. Аутизм- жүйке жүйесі дамуының бұзылуы. Бұл диагноз түрі  үш белгі береді: əлеуметтік қарым-қатынастың аздығы, қарым-қатынас коммуникациясының бұзылуы, қызығушылықтың болмауы жəне қимыл-əрекеттердің қайталануы бойынша анықталады.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.

Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.

Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.

Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады.

Просмотров: 227


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст