«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Аутизм - үкім емес!"

15.04.2022

Аутизм — (гр. autos - өзім) - Кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады.

Пайда болуына не әсер етеді?

Нақты дәлелденген ақпараттар жоқ. Бұрынырақ балаларға вакцинацияның салдарынан пайда болды деген болжам бар. Ең соңғы мәліметтер бойынша аутизмге ұшыраған балалардың тумасынан миының дамуында кінәрат бар екені анықталды (мидың бір бөлшегі нашар дамыса,екінші бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер). Гендік өзгерістердің п.б., жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның әсері, стресстер. Бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады.

Клиникалық көрінісі

  1. Бала өзгеге көзіне тіке қарай алмайды.
  2. Сөйлеудің бұзылысы
  3. Айналадағыларға немқұрайлықпен қарайды.
  4. Дискомфорт жағдайларын сезінбейді.
  5. Басқалармен қарым-қатынасты қажет етпейді.
  6. Ұзақ уақыт тірі мен өліні ажырата алмайды.
  7. Интеллект бұзылысына байланыссыз сөйлеуінің кешеуілдеуі.
  8. Сөйлесушіге ешқашан күлмейді.
  9. Агрессиялық ұстамалар
  10. Назарын тек бір нарсеге ғана қояды. Сондықтан көбінесе аутист балалар бір салада  жақсы дамыған болады.

Аутизм синдромы бар балалармен қалай жұмыс жасау керек?

АВА-терепия әдісі. АВА-терапия – Applied Behavior Analysis қазақ тініне аударғанда (қолданбалы мінез-құлықты талдау),  адам мінез-құлқының жалпы заңдылықтары мен оларды оқыту туралы ілімдерге сүйенеді. 

Сенсорлық интеграция әдісі

Ерте балалық  аутизм синдромы бар балалардың көбінің сезінуінде ауытқулар байқалады. Сенсорлық интеграция әдісі ағзаның сезімдерін қозғалыс, оқу және қалыпты іс-әрекет мақсатына жұмылдыра алуы. Бұл терапияның мақсаты – орталық жүйке жүйесінің сенсорлық стимулдарын өңдеу мүмкіндіктерін күшейту, теңгеру және дамыту болып табылады.

РЕСS (ПЕКС) –карточкалар арқылы баламен қарым-қатынасқа түсу жүйесі. РЕСS — баланың негізгі қарым-қатынас дағдыларын тездетіп қалыптастыруына мүмкіндік беретін бағдарлама. Аутизмі бар бала өзі қалап тұрса да, басқа балалар күнделікті өмірде ешқандай қиындықсыз меңгеріп алатын адамдармен қарым-қатынас жасасудың, әрекеттесудің жалпыға ортақ әдістерін өз бетімен меңгере алмайды. Сондықтан жоғарыда айтылған, бүгінде қолданысқа енген жүйелі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, аутизмге шалдыққан баланың өз проблемасын жеңуіне мамандар мен қоғамның барлық өкілдерінің болып көмктесуге тиімпіз. 

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст