Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ғарыштың әлі де ашылмаған сырлары көп. Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады.
Ең алғаш ғарышқа саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келеді. Біздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.
Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев-осы адамдар Қазақстаннан ең алғаш ғарыш есігін ашқан ұшқыштар.Біз осы екі ержүрек тұлғаларымыздың арқасында ғарыш туралы түсінігімізді арттырдық. Ғарыш әлемі туралы бізің өсіп келе жатқан жас ұрпақтың санасына құйып, жетілдіру біздің міндетіміз. Қазақ жерінде осындай ержүрек азаматтарымыздың барына мақтанамыз. Соның ішінде әр жыл сайын 12 ші сәуір күні ғарышкерлер күні атап өтіледі. Балаларға алғаш аспан әлеміне ұшқан ғарышкерлер туралы білімін кеңейту. Осыған орай біздің балабақшамызда ұйымдастырылған оқу қызыметі өткізілді. Балаларға ең салған ғарышқа ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин туарлы слайд көрсетілді, жәнеде келесі слайдтың бөлімдерінде Қазақ жерінен шыққан ғарышкерлер туралы да толық мағлұмат берілді. Олардың өмір жолы, еңбегі туралы толық түсіндіріліп қамтылды.
Ең бірінші адамдар айға ұшпас бұрын тірі дененің баруы үшін Лайка деген итті ғарышқа ұшырған. Жерге қонғаннан кейін оның денесіне, қанына тексеру жүргізі, ғарышқа адамның да баруына болатынын білген. Және слайд арқылы ғарышкерлердің ғарышқа ұшуына қалай дайындалатыны жөнінде балаларға ақпараттар көрсетілді. Балалар да өздерінің болашақта ғарышкер болғысы келетінін айтып қызығушылықтары оянды. Балалар видео жазба арқылы аспан әлемімен танысып, аспан әлемінің суретерін бояды. Ендігі кезекте балалар ғарыш әлемін, ғарыш алаңы «Байқоңыр», зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің киімдері, ғарышта қалай тамақтанатыны туралы біледі.