«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Майтабанға жол жоқ»

19.04.2023

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық (табанның ішкі бөлігі) және көлденең (саусақтар арасы) түрде орналасады. Осы екі доға арқасында табанның ортаңғы бөлігі жерге тимейді. Ал майтабандылығы бар адамның бүкіл табаны жерге тиіп тұрады, яғни табан күмбездері төмен түскен.

Майтабандылыққа әсер етуші факторлар:
Баланың артық салмағы. Сапасы төмен аяқ киім кию (тым жұмсақ немесе қатты табанды аяқ киім, резеңке аяқ киім, өкшесі тым биік немесе өкшесі жоқ аяқ киім). Баладағы мешел ауруы және кальций мен фосфор алмасуының бұзылуы.

Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқкиімнің сапасы өте маңызыды. Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы тақасы (каблук) жарты сантиметрден кем немесе көп болмауы керек. Сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болу керек.

Бұл ауруды емдеудің негізгі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшықеттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және керітартпа жолмен.
Керітартпа жолмен емделу тәсілі: емдік гимнастиканы, массаж, аяқ ванналары, физиотерапия, дұрыс ортопедиялық жолмен жасалған аяқ киім немесе ұлтарақ кию.
Балалардағы майтабандықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:
Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты табанмен домалатып сырғанату.
Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді. Соны табанмен қысып умаждау керек.
Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау.
Табанмен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау.
Екі табанының арасына допты қысып көтеру.
Табанының ұшымен, өкшесімен және табанның ішкі шетімен кезектеп жүру.
Бұжырлы бетте жүру (массажды кілемше, құм, жұмыр тас).

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст