17 наурыз күні Облыстық "Өрлеу" біліктілікті арттыру курсын оқып жүрген педагогтармен балабақшамыздың ортаңғы тобының тәрбиешісі Шабденова Зада Кодековна тәжірибе алмасып, шеберлік сағатын өткізді. Соңғы онжылдықта жаңа технологиялар қарқынды қолданысқа енді. Сондай технологиялардың бірі Воскобович технологиясы туралы мәлімет беріп, тиімділігін түсіндірді.
Технология орналасқан тәртіптерге жақсы кіріктіріледі. «Ересек-бала» қатынастарында ересек адамның баланың үстіне қарау қарастырылмаған, мұнда тек қана серіктестік қатынастар. Бала жайлы, көңлді, интеллектуалды-шығармашылық атмосферамен қоршалған. Бала өзіңің шығармашылық бастамаларын қолдау есебінен сыртқы сезімдері ашылады.
Біздің топтағы балалар «Геовизор», «Кемелер» («Кораблики»), «Фонарики» сынды ойындармен жұмыс істегенді өте ұнатады. Осы ойындардың көмегімен балалар математикалық ұғымдардың айырмашылықтарын, қызығушылықтарын, ықылас-ынталарын көрсетеді. Ойын кезінде балалар өздерін тәуелсіз сезінеді, білімдері мен дағдыларын тереңдетеді.
Бұлар – бүлдіршіндердің сенсорлық тәрбиесінің, сезім мүшесінің дамуына, айналадағы болмысты танып-түсінуге әрекет жасап, логикалық және басқа да қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады