«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ойыншықтар: таңдаудағы жеті маңызды белгі

31.03.2021

 

Ойыншықтар: таңдаудағы жеті маңызды белгі

 

                                          «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да болмайды     

                                  және болуы да мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған

                                  үлкен жарық терезе іспетті,ол арқылы баланың рухани

                                  сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзін қоршаған,дүние

                                  туралы түсінік алады.Ойын дегеніміз – ұшқын,білімге

                                  құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты».

                                                                         Василий Александрович Сухомлинский

      Ойыншық, баланың өз сезімдерін көрсетуге, өзін қоршаған дүниені зерттеуге мүмкіндік беретін ортасы болып табылады.Ойыншық баланы қарым-қатынас жасауға және өзін-өзі тануға үйретеді.Сондықтан ойыншықтар әр түрлі, түсінікті, жарасымды болу керек.

      Баланың психикалық және денесінің дамуының түрлі аспектілеріне ойыншықтардың тигізер ықпалын негізге ала отырып, қазіргі заманғы ойыншықтардың көп түрлілігін құрылымдауға болады:

  • моторлы-спорттық ойыншықтар – доп, сақина, секіргіш, кегли, волейбол,бирюлька, мозаика және т.с.с – ірі және ұсақ қол қимылдарын, көзмөлшерді дамытуға мүмкіндік жасайды;
  • сюжеттік ойыншықтар – адамдар, жануарлар, көлік, жиһаз және т.с.с.-шығармашылық еліктеу ойынын дамытуға мүмкіндік жасайды, ал ол арқылы бала өзінің әлеуметтік тәжіріибесін анықтайды, бекітеді және тереңдетеді;
  • шығармашылық еңбек ойыншықтары – әр түрлі құрылыс материалдары, конструкторлар, әр түрлі модельдер және т.с.с.-құрастырушылық қабілет пенойлап табушылықты дамытады;
  • техникалық ойыншықтар – машиналардың әр түрлі түрлері, ойыншық фотоаппараттар, калейдоскоптар және т.с.с. – бұлар да конструкторлық қабілетті дамытады, техникалық ой-өрісті кеңейтеді,құрылыс пен техника деген қызығушылықты тудырады;
  • үстел үстілік ойындар – тапқырлықтың, зейіннің дамуына, түрді, түсті, көлемді жылдам аңғаруға,сауаттылықты, санауды меңгеруге мүмкіндік жасайды, ережелері бар ойын бала ұжымын ұйымдастырады;
  • көңілді ойыншықтар – секіретін қоян, қарқылдайтын үйрек, құйрығы айналатын құс- баланы әзіл оспаққа тәрбиелейді;
  • музыкалық ойыншықтар – өлең айтатын құстар, ойыншық музыка аспаптары, музыка әуендері бар ойыншықтар – музыкалық қабілеттің дамуы үшін қызмет етеді;
  • театралдық ойыншықтар – көлеңкелі театр, ойыншықтар, қуыршақтар театры – жеке театр ойындарына жақындатып, баланың көркемдік қабылдауын байытады;

 

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст