«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балабақша топтарында ойын элементін қолдану тиімділігі

21.04.2021

 Баланы тәрбиелеуде ойын технологиясының берер рөлі зор. Ойын кезінде жеке тұлғаның өэін – өзі басқару қабілеті жетіліп қалыптасады. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылыққа ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.

 В.А. Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.

 Ойын барысында балалар өздері де байқамай әр түрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал содан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.

 Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш  жігер, мінез – құлық тәрбиеленеді. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст