Текст
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі.
Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады.
Біздің балабақшамызда татар, кәріс, орыс, әзербайжан, ұйғыр, украин ұлт өкілдері бар. 1 мамыр күнін әр топ мерекелік іс-шара ретінде атап өтіп, әндерін айтып, түрлі ұлттың билерін билеп мейрам туралы қысқаша түсінік қалыптастырады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.