15.12.2025
"Күншуақ " ересек тобында Тәуелсіздік мерекесіне арналған тәрбие сағаты өтті. Іс шара әнұран айтумен басталды.Балаларға қысқаша "Тәуелсіздік " сөзінің мағынасы, еліміздің рәміздері туралы айтылды. Дидактикалық ойын ойнап, еліміздің картасы жасалды.