Текст
06.01.2026
2025 жылдың 22 желтоқсан күні «Ақкөбелек» ересек тобы балаларына арналған “Шыршамыз тұр жараса”атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ертеңгіліктің мақсаты – балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және Аяз ата мен Ақшақарды қарсы ала отырып, ертегі әлеміне ену.
Балалар жаңа жылдық өлеңдер айтып, тақпақтар жаттап, би биледі.Мыстан кемпір, Аққала және ертегі кейіпкерлері қатысып, мерекеге ерекше сән берді. Балалар Аяз атаны қуана қарсы алып, сыйлықтарын алды.
Мақсаты:
-Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру;
-Сахнада өзін еркін ұстай білуге үйрету;
-Қуаныш, мейірім, достық сияқты сезімдерді бойына сіңіру.