Текст
06.01.2026
" Күншуақ " ересек тобында "Қош келдің Жаңа жыл!" атты ертеңгілік өтті. Балалар ән айтып, би билеп, жыр шумақтарын айтты. Әр түрлі кейіпкерлер шығып мерекенің көркін аша түсті. Балалармен, ата аналармен қызықты ойындар ойнап көңіл көтеріле түсті. Аяз ата мен Ақшақар шырша шамын жағып, балаларға сыйлықтар таратты. Керемет сәттер балапандардың есте қалары сөзсіз.