Текст
«Еркетай» ересек тобының балаларының қатысуымен «Қызыл телпектің жолдағы оқиғалары» атты ертегі желісін ала отырып, жол ережесі туралы қойылым қойылды. Бұнда балалар Қызыл телпектің бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанына қарамастан асығып жолдан жүгіріп өтпекші болған кездегі келеңсіз оқиғаны тамашалады. Жол инспекторы балаларға жолдағы белгілер мен бағдаршамның қызметін түсіндіріп айтты. Балалар қызыл және сары түс болып екі топқа бөлініп, көліктермен және самокаттармен ойындар ойнап, іс-шара қызықты өтті.