Текст
17.03.2026
“Наурызнаманы” мерекелеу онкүндік аясында балабақшамызда этникалық топтар өкілдерінің қатысуымен «Қазақшаң қалай?» атты қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерін білуге арналған зияткерлік викторинасы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар ұлттық құндылықтар жөнінде білімдерін сынап, түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмаларға белсене қатысты.
Викторина балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, қазақ тіліне деген құрметін нығайтты.