«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Наурызнама” онкүндігі аясында «Дәстүр-ұлт қазынасы” тақырыбында Шашбау тағу дәстүрі өткізілді.

16.03.2026

Ұлттық мұрамызды ұлықтау мақсатында, қазақтың ұмыт болып бара жатқан дәстүрінің бірі – шашбау тағу рәсімі өткізілді.
«Қызға қырық үйден тыю» деп, қыз баланың тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған ата-бабамыз қызына таққан әшекейінің де мән-маңызына ерекше көңіл бөлген. Қазақ қыздарының басына үкілі сәукеле кигізіп, құлағына сырға тағуы, саусағына сақина, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігін, эстетикалық талғамының жоғарылығын танытады. Ал осы қымбат әшекей бұйымдарды тағудың өзіндік қатаң қағидасы бар.
Шашбау – өрілген бұрымның ұшын бекітетін сәндік бұйым. Ол күміс тиын, маржан қадалған бауы бар күйінде кездеседі. Шашбауды күмістен қақтап жасайды және түрлі-түсті асыл тастарды орнатады. Моншақ тізілген ұзын күміс шынжырлы бауы бар түрлері де жиі тараған. Ол жасалған материалына байланысты алтын шашбау немесе күміс шашбау деп аталады

Просмотров: 163


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст