Текст
Мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл — қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалар ойын-сауық басында Теңіз Патшайымының шақытруын алып, теңіз астына Нептун мерекесін тойлауға барады. Онда балаларды Теңіз Патшасы, Су перісі және Медуза күтіп алады. Олар балалармен бірге сумен түрлі ойындар ойнап, балалардың өнерлерін тамашалайды. Балалар Теңіз Патшайымына сыйлық ретінде су түбінде жатқан әдемі, жылтырауық тастарды жинап береді. Теңіз Патшайымы мен оның тұрғындары балаларға риза болып, ауа толтырылған сабынды көпіршіктер сыйлайды. Балалар тамаша көңіл-күймен су астынан балабақшаға қайта оралады.