ЕРТЕГІНІҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?
Ертегі бала мен ата - ана арасындағы «арақашықтықты» жақындатады;
Бала мен ата - ананың бір - біріне деген ішкі байланысты бекітуге мүмкіндік береді; Баланың рухани жан дүниесін байытады;
Балаға өмірдің құндылығын түсіндіреді;
Өмірде орын алатын әртүрлі жағдайларға көзқарасын қалыптастырады;
Еңбексүйгіштік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелейді.
Жақсы әдеттерге үйретеді.
«Күншуақ», «Жұлдызай», «Бәйтерек» ортаңғы топтарына арналған «Ертегілер елінде» атты қуыршақ театры мен ертегілік қойылым өткізілді. Балаларға қызықты болу мақсатында театрға билеттер таратылды. Балалар «Қарлығаштың құрығы неге айыр?» деген ертегіні интерактивті тақтадан тамашалады. «Алдар көсе мен бай» ертегісін қуыршақ театрының орындауында тамашалады. Кейін «Жұлдызай» тобының балалары өздері рөлдерді сомдап «Жеті лақ» ертегісін ойнап берді. Балалар керемет әсер алып, жақсы көңіл-күймен топтарына қайтты.