Текст
Мақсаты: Жақсылық , туған күн қуанышы туралы түсінік беру. Балаларды қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Туған күн иелерінің көңіл-күйлерімен бөлісе білуге, достыққа, бірлікке шақыру. Балаларға музыка, ән-би арқылы мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Жаз айында туған балаларды туған күндерімен құттықтау мақсатында, туған күн кешін ұйымдастырдық. Туған күн иелерін ортаға алып, ән айтылып, би билеп, түрлі ойындар ойналды. Қонаққа Сайқымазақ пен Мальвина келіп, мерекемізді одан әрі қыздыра түсті. Барлық балаларға сыйлық ретінде жеміс шырыны мен барни бисквиті табысталды. Туған күндерді атап өту арқылы балаларға жақсы көңіл-күй сыйладық.