Текст
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – ол тілі. Тілге құрмет, ол туған жерге деген құрмет, елге, ұлтқа деген құрметі. Мемлекет басшысы Жолдауда Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар, бұл - қазақ тілі. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясттың басым бағытының бірі болып қала береді. – деп атап өткен болатын. Осы мақсатта балабақшамызда тілдер мерекелік іс-шарасы атап өтілді. Балалар ана тілі туралы жаттаған тақпақтарын айтып, мақал-мәтел айтып жарысып, түрлі ойындар ойнады.Балалардың бойына патриоттық сезімді дамытуда тілімізді құрметтеуге үйрету өте орынды болмақ. Өзге ұлтты балалар қазақ тілінде жаттаған жыр шумақтарын арнады.