Балабақшада балаларды дамыту, білім беру, тәрбиелеу мақсатында қолданылып жүрген инновациялық технологиялар өте көп. Біз, №12 «Ақбота» тобында, балаларға «Асық технологиясын» пайдалана отырып, балаларды ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулимыз.
«Асық ойындары» - қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны.Халқымыз асықты қастерлеген.Асықпен ойнаған баланың зейіні тұрақталады,логикалық ойлау қабілеті дамиды, бала еңкейеді,тұрады үздіксіз қозғалыста болады.Балада ұйымшылдық, адалдық, серіктестік сияқты қасиеттер дамиды.Балалардың саусақ буындарына өте пайдалы,ұсақ моторикасы дамиды.Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік- логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан біз мазмұнды ойындар,жаттығулар, тапсырмалар құрастырып оқу барысында қолданамыз.Мәселен, математика негіздері сабағында : асықты тура, кері санауға, сандарды салыстыруға (=, <, >) ; түстерді ажыратуға, «Мозаика» ойыны арқылы геометриялық пішіндерді асықпен құрастыруға қызығады. Сауат ашу негіздері сабағында : дауысты- дауыссыз дыбыстарды ажыратуда, әріптерді баспа түрде асықпен жазуға; ал сурет салу сабағында: гуашь бояуымен асықпен «із салу» немесе «ұнаған өрнек жаса» тапсырмаларын қызыға орындайды. «Денсаулық» білім беру саласында асық терапиясын кеңінен пайдалану арқылы баланың қимыл-қозғалысын жан-жақты жетілдіреміз.