«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Воскобович ойын технологиялары балабақшада

19.10.2021

Воскобович ойын технологиялары балабақшада

«Балаға ойынға деген құштарлық бар, оны

қанағаттандыру керек.»

Антон Макаренко

       «Алтын дән» балабақшасында қолданылатын ойындардың түрі көп, біз олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі ең маңыздыларын жиі қолданылатындарын ғана білеміз.Ойын технологиясының нәтижелілігі, біріншіден, оларды қолдануды жүйелілігімен, екіншіден, дидактикалық міндеттермен үйлестірілген ойындардың мақсаттылығымен анықталады. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепалды мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, сондай-ақ жаңа технологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр. Сондықтан әр педагогқа сапалы білім беру үшін көп ізденуге, жаңаша ізденуге тура келеді.Ғаламторда мен В.Воскобовичтің ойындарымен таныстым.Осыдан кейін жұмысыма В.Воскобовичтің ойындарын енгізе бастадым.Ол ойындар несімен қызықты? Көпфункционалдығымен, конструктивтік элементтерімен, шығармашылық мүмкіндігімен, бейнелілік және әмбебаптылығымен, пйдалану мүмкіндігінің әр түрлілігімен т.б. Біздің балабақшада В.Воскобович ойындарымен арнайы жабдықталған бөлме бар. Онда «Күлгін орман», «Коврограф», «Игровизор», «Геоконт», «Воскобович шаршысы», «Мөлдір шаршы», «Затейник-бау» т.б ойын құралдары бар. Олар табиғи материалдардан ыңғайлы етіп жасалған.Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға, ойлау қабілеттерін арттыруға, логикалық ойларын арттыруға көп ықпалын тигізеді. Әрі балалардың қызығушылығын арттыруға мол ықпалын тигізері сөзсіз.Балалар әр түрлі оқиғалар ойлап тауып , «Күлгін орманға» саяхатқа барып, жолда әр түрлі кедергілерден өтіп, көптеген  кейіпкерлермен кездеседі. «Күншуақ» ересек тобының балалары «Игровизор», «Воскобович шаршысы», «Геоконт», «Түрлі түсті қайықтар», «Счетовозик» сияқты ойын құралдарымен қызыға жұмыс істейді.

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст