«Алтын күз» ертеңгілігі қарсаңында балабақшамызда топтар арасында «Күздің сыйы» атты табиғи материалдардан жасалған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге барлық топтың балалары мен қатар ата-аналар да белсенді түрде қатысып, қолдан жасап әкелген заттарын көрмеге ұсынды. Табиғи материалмен жұмыс жасау баланың туған табиғатымен жақындасуына, оған қамқорлық, қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді. Табиғи материалмен жұмыс жасау баланың ақыл-ой дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға, еңбек дағдыларын қалыптастыруға үлкен әсер етеді. Балалар өз жұмыстарында әртүрлі табиғи материалдарды ботқалар мен қырыққабат, картоп, сәбіз, әр түрлі бүрлерді, жапырақтарды, гүлдер мен бұтақтарды қолданды. Жұмыстар түрлі техникаларда орындалды: жапсыру, пластилинада жапсыру, модельдеу, букеттер.
Көрмеге қатысушылар өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады және көп қиял, шыдамдылық, еңбек салды. Көрме қорытындысы бойынша 1 орынға «Күншуақ», «Ботақан», «Мультяшки», «Жұлдызай» топтары ие болды. 2 орынды «Балапан», «Еркетай», «Ақбота», «Ақкөбелек» топтары иеленді. 3 орынды «Құлыншақ», «Бәйтерек», «Капитошка», «Колоколбчик» топтары иеленді. Барлық топтарға шығармашылық табыс тілейміз.