«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Не дәмді" ертегісі ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

09.11.2021

«Күншуақ» ересек тобында «Қатынас» білім беру саласы, «Сөйлеуді дамыту» оқу қызметі, «Не дәмді?» ертегісі бойынша ұйымдастырылған ашық оқу қызметі өтті. Мақсаты: Кейіпкерлердің өзара сөйлесуін көркем түрде қолдану арқылы ертегінің ішкі сырын, айтылу керек ой-түйсігін, мән-мағынасын бұзбай, байланыстыра, баяндай білуге үйрету болатын. Оқу қызметін шаттық шеңберімен бастап, балалар орманға таза ауамен серуендеп, ертегі тыңдап қайтуға автобуспен барып, кезіккен жұлдызқұртпен кірпіге алма мен саңырауқұлақ теруге көмектесті. Ертегі тыңдалып, сол ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындалды. Тапсырмалар Воскобович (коврограф, игровизор), ТРИЗ сияқты жаңа технологиялар құралдарымен орындалды. Ертегідегі кейіпкерлерді интерактивті тақтада көрсетіп, дыбыстап отырды. Оқу қызметі соңында жұлдызқұртпен кірпі алғыс ретінде балаларға сыйға себетке жиналған алмаларды тарту етті. Балалар балабақшаға автобуспен қайтып келіп, алған әсерлері бойынша бөлісті. Оқу қызметі қызықты, әсерлі болып өтті. Балалар аса қызығушылықпен тапсырмаларды орындап, ат салысты.

Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст