«Достық – бір бақыт»
Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандырып, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бір - бірімен қарым - қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру; мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту, іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулу, ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Модульді кілемше, Машаның суреті, хат, экран, ноутбук, проектор, тапсырмасы бар қағаздар, көкөністер мен жемістер суреті, Никитин Б.П. «Интеллектуалдық ойыны», әр балаға конверт (үй, бұлт, күн, ағаш суреттерімен), ертегі кейіпкерлерінің суреті (қасқыр, Мыстан кемпір, Қызыл телпек, Карлосон, Вини Пух, қоян, түлкі), күн шуақтары. Ашық оқу қызметі барысында балалар кейіпкер Аюдың түрлі тапсырмаларын орындап, Машаға көмектесті.
Балалар есте сақтауға арналған түрлі жаттығулар жасап, Қол моторикасын дамытты. Достық жайында әңгімелесіп, өз ойларымен бөлісті.