«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!"

24.02.2022

  Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

       Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

     Осы орайда «Алтын дән» балабақшасында педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшесі, тәрбиеші Шабденова З.К. сыбайлас жемқорлыққа қарсы балабақша педагогтары және тәрбиешілерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

       «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние– байлық неге керек, денсаулығың болмаса,Төрелігің неге керек,халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шыныда да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

 

Просмотров: 326


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст