Текст
Көктемнің алғашқы мейрамы аналар мен аяулы әжелеріміздің және сұлу қыздарымыздың мерекесі «Ботақан» және «Ақкөбелек» ортаңғы топтарында атап өткізілді.
Мақсаты: Балаларға көктем туралы, 8- наурыз мерекесі туралы түсінік
беру, отбасындағы ананың орнын, анаға деген құрметті ұғындыру,
еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілікке,
қамқорлыққа, достыққа, ұйымшылдыққа баулу және әдемілікті сезіне білуге
тәрбиелеу. Ертеңгілік барысында балалар ана, әже туралы жаттаған әндерін айтып, билерін билеп, жыр-шумақтарын арнады. Ер балалар қыздарға сыйлықтарын ұсынып, мерекелік жақсы көңіл-күй сыйлады.