«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас маман - 2022"

25.04.2022

Балабақшамызда 18.04-22.04 аралығында "Жас маман-2022" сайысы өтті. 
Байқау жоспарына сай қатысушылар «Мен заманауи тәрбиешімін» таныстыру презентациясын қорғау, «Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері», «Менің жетістіктерім» өз білімін жетілдіру тақырыптарын іске асыру мақсатында дидактикалық материалдар жиынтығынан мастер-класс көрсету сияқты берілген кезеңдерде бақ сынады. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды. Байқауға қатысқан 7 жас маманның барлығы да өз ісінің майталманы болуға лайықты екендігін қазылар алқасы атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша 1-орынды балабақша педагог-психологы Даулетбаева Ардақ Жанайдарқызы қанжығасына байлады.  2 - орынды дене тәрбие нұсқаушысы Ботабаева Жанерке Тұяқбаевна иеленсе, 3 – орынды балабақша логопеді Оразалинова  Әсел Нұрланқызы иеленді. Бас жүлдені «Балапан» мектепалды даярлық обының тәрбиешісі Жанатай Райгүл Сағатқызы жеңіп алды. Сайысты әділқазылар ізгі тілектерімен қорытындылап, жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 241


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст