Текст
«2022 жыл – Бала жылы»
26 сәуір Қосшы қаласының №2 орта мектебінде «Бала жылына» байланысты іс-шара өтті. Сол іс-шараға балабақшамыздың «Балауса» би ансамблі қазақ биі «Асатаяқ» биімен өнер көрсетті.
Іс-шараға Қосшы қаласы әкімініңі орынбасары Берген Жұмкейұлы қатысып, құттықтады. Білімде, өнер мен спортта республикалық деңгейде жетістікке жеткен балаларға қала әкімінің атынан алғыс хат пен сыйлықтар табыс етті. Еліміздің ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» - деген. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпақ «МЕНІҢ ЖҰРТЫМ» дейтіндей бала өсіру – біздің міндетміз! Дәл осы мақсатта Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2022 жылын – Балалар жылы етіп жариялаған болатын.