2022 жылдың 3 маусым күні «Алтын дән» балабақшасы МКҚК Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты кітап көрмесі және барлық топтарда тәрбие сағаттары өтті.
1992 жылдың 4 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды.
Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды
2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні ретінде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты - қазақстандық патриотизм, ел жетістіктерін мақтан тұту идеяларын кеңінен дәріптеу және дамыту, қазақстандықтардың Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.
Мерекелік шара мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.