Текст
30 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы педагогикалық кеңес өткізілді. Педкеңесте тәрбиешілер мен педагогтар қорытынды есеп жасады. Бір жыл бойында өткізілген іс-шаралар мен ашық оқу қызметтері туралы, топта балалармен өткізілген жұмыстар жайында айтылды. Логопед маманы инклюзивті балалардың даму көрсеткіштеріне қорытынды жасап, талдап берді. Педагог-психологтар педкеңес арасында тренингтер өткізіп, педагогикалық кеңестің қызықты өтуін қамтамасыз етті.