«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім"

14.12.2022

14 желтоқсан күні балабақшамызда еліміздің Тәуелсіздігіне орай «Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Жас ұрпақтың бойына еліне, жеріне , ұлтына, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру. 
Еліміздің Тәуелсіздігіне орай өткізілген мерекелік шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, бүлдіршіндермен қатар балабақша қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Өлең, жыр шумақтары , ән , би өнері және оркестр ойнап балалар өз өнерін көрсетті. Іс-шара барысында келген қонақтарға сұрақ жауап айдары ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Шараға шақырылған қонақтар мен ата-аналар үлкен мерекелік көңіл күймен тарады. Іс – шараның соңы балабақша қызметкерлерінен құрылған «Самғау» хорының «Алғыс» әнімен аяқталды .

Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст