«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу

05.01.2023

Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін ұзарту үшін қосымша өтініш жазу қажет емес
Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Бұл шара жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға қолданылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Сағындықова Назгүл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады.
«Бұл құқықты 500 мыңнан астам ата-ана пайдаланады. Оны іске асыру үшін бюджеттен қосымша 183 млрд теңге қарастырылып отыр. Төлем мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзарту 2023 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша бала күтімі бойынша жәрдемақы алушыларға ғана қолданыстағы заңнама күшіне енген сәттен бастап жүзеге асырылады. Қосымша өтініштер жазу немесе рәсімдеу талап етілмейді, бұл жәрдемақы автоматты түрде ұзартылады. Төлем алушыларға ұялы телефонға СМС хабарлама жіберіледі», - деді спикер.https://ortcom.kz/kk/novosti/1672136544

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст