«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар.

07.02.2023

Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ, бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында семьяда да, балабақшада да кеңінен қолданылады.  Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады. Музыка жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналасуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді, «музыкалық жаңғырықта» ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т. б. үйренеді. Бұлардан басқа, кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық-сенсорлық  қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекелеген элементтерімен таныстыруына көмектеседі. Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн. Музыкалық аспаптардың түрлері. Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады:

Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын клавиатуралы пианино, ойналмайтын шекті домбыра, жарғақты баян және т. б. Дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін «музыкалық жетекші» дәрежесінде   ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, домбырашы болады, таныс әндерін орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі, сөз жоқ, балалардың түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.

Дыбыс шығаратындар. Дауысының белгілі биіктігі жоқ музыкалық  ойыншық-аспаптар­: сылдырауықтар, үшбұрыштар т. б.

Бір ғана дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар - сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан  ырғақтарды келтіруге болады. Шектеулі әуені бар ойыншықтар - кішкентай органдар, музыкалық жәшіктер т. б. Оларда ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті маханикалық сипат алады. Музыкалық тәрбие берудің міндеттері мен мазмұны қандай да бір жастағы топтарға арналған ойыншықтардың топтарын белгілейді. Музыкалық-дидактикалық ойындарда музыкалық аспаптардың ролі арта түседі. Балаларға дауысты жоғарылығы, созыңқылығы, тембрі, динамикасы бойынша айыру ұсынылады.

Просмотров: 261


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст