10.02.2023 жылы балабақшамызда «Мектепке дейінгі ұйымда жаңа иннновациялық технологияларды қолдану арқылы баланың танымдық қабілеттерін арттыру» тақырыбындақалалық семинар өтті. Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Мейрманова Г.К. және балабақша меңгерушілері, әдіскерлер мен тәрбиешілер қатысты.
Мақсаты: Балаларды жан-жақсы тәрбиелеу шығармашылық әлеуеті мен коммуникативтік қабілеттерін және түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың танымдық қабілеттерін арттыру. Семинар балабақша бүлдіршіндерінің музыкалық тартуымен басталды. Семинар барысында педагогтар білім берудегі жаңа технология арқылы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін көрсетіп,и тәжірибелерімен бөлісті. Барлыө педагогтар жоғары деңгейде дайындықпен ат салысты. Семинар соңында балабақша педагог-психологы мен логопед-маманы семинарға қатысушыларға тренинг өткізді. Дидактикалық ойындардан көрме жасалды.