Ағаш пен бұталарды бақылау (ағаштар: терек, қайың, шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана,жұпаргүл, сарықараған, шие)
Бақылау: Балалардың назарын ағаштардың және бұталардың сыртқы түріне аудару (жапырақ жоқ), жапырақсыз ағаш бұталарының аспан түстес екендігіне назар аударту. Ағаштың сыртқы түрлерін ажырата білуге жаттықтыру (ағаштың пішіні, бұтаның орналасуы, тамырдың түрі мен сыртқы пішіні) ағаштың: терек, қайың, шырша, гүлшетен, алма ағашы; бұталар: долана,жұпаргүл, сарықараған, шие. Балаларға аяз кезінде ағаш бұталарының жұмсақ және тез сынғыш болатынын түсіндіру. Балаларды ағашқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Жұмбақ: Жазда жатсаң-көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң -жаның рақат табады. (ағаш)
Қимылды ойындар: «Шаңғы жарысы» Дыбысқа деген іс-әрекетті бекіту (шанада отырып, аяқпен итеру; ішінен жатып, қолмен итеру).Дене шынықтыру сабағында алған білімдерін іс жүзінде қолданып, жарыстарға қатысуға ынталандыру.
Еңбек әрекеті: Ағаш және бұта түптеріне қарды үю. Ағаш және бұта түптеріне қарды үю және еңбектің маңыздылығын білуге үйрету. Жақсы ынтамен еңбектенуге тәрбиелеу.
"Ақкөбелек" тобының тәрбиешісі: Жүніс Нұргүл Нұрмұханбетқызы