«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қосшы қаласының «Алтын дән» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие «Детский сад «Алтын дән» города Косшы при отделе образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланың қол моторикасын дамыту

21.02.2023

Мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру.

Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым:

— қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғалысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту;

— саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту;

-жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру;

— сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу;

— қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту;

— өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау.

"Балапан" тобының тәрбиешісі Жанатай Р.С.

Просмотров: 233


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст