17.04.2023
13.04.2023 ж. «Алтын дән» балабақшасында Аутизм синдромы бар балалармен логопедиялық жұмыс реттілігі тақырыбында семинар өтті. Семинарды жүргізген №20 Психологиялық-Педагогикалық түзету кабинетінің мұғалім логопеді: Сейітқанова Д.Н.,мұғалім-дефектолог: Киреева Р.К., Социальный педагог: Сейпулина Н.З.
Тәрбиешілер тарапынан толық қатысым болды.
Семинардың басында логопед пен дефектолог ең бірінші аутизм синдромының симптомдары қандай болатынын, түрлерін, балаларда қандай белгілер болатынын айтып өтті.
Аутизмнің нақты қандай себептерден болатынын, қандай жағдайлар әсер етуі мүмкін екендігі, бұл синдром ауру болып есептелмейтіндігі жайлы ақпараттар айтылды.
Логопедттің, тәрбиешінің тарапынан аутизм түрлеріне байланысты қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс екендігі айтылды. Осы жағдайда ата-аналар не істеу керек, қандай жұмыстар атқаруы керек екендігі жайлы кеңестер және мәліметтер берілді.
Тәрбиешілер осы орайда, мамандарға өздерінің сұрақтарын қойды және қанағаттарлық жауап алды. Аутизм синдромы бар балалармен топта қандай жұмыстар жүргізілуі керек, тәрбиешілер өздерін қалай ұстауы керек осы сұрақтарға жауаптарын алды.
Тәрбиешілер мамандарға осы тақырыпқа байланысы өз ұсыныстарын айтып жатты, яғни әр жыл сайын ата-аналар жиналысында осы мамандар келіп аутизм жайлы біршама мағлұматтар айтса екен деп сұраныстарын білдірді. Мамандар бірден бұл ұсынысқа оң жауаптарын берді.